Батыс Қазақстанда ірі қара жаппай белгісіз ауруға шалдыққан

Qaz365.kz редакциясы

Қазір ветеринарлар тиісті ем-дом жасап, ауру малды тіркеп жатыр

primeminister.kz

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Шабдаржап ауылында 263 бас ірі қараның белгісіз ауруға шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі qazaqstan.tv сілтеме жасап.

Індет жұққан малдан биологиялық сынама алынып, зертханаға жіберілген. Ауырған малдың сілекейі көпіріп, ауыз қуысында бөртпе пайда болып, күйіс қайырмайды.

Қазір ветеринарлар тиісті ем-дом жасап, ауру малды тіркеп жатыр. Ауданда 4 бригада жұмыс істеуде. Сондай-ақ Алмалы ауылында 12 бастан белгісіз ауру табылды.

Мал дәрігерлері бұл дерттің стоматит не ринотрахеит болуы мүмкін екендігін айтады. Әзірге сынама қорытындысы шыққан жоқ.

“Әзірге тиісті биологиялық материалдар алынып, зертханаға жолданды. Қазіргі уақытта зертханалық тексеру нәтижесі шықпай, аусыл не басқа ауру деп айтуға негіз жоқ. Ауру малға Ақжайық аудандық ветеринарлық стансасы емдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, антибиотик егіп. Зертханалық тексеру нәтижелері бір жетінің төңірегінде белгілі болуы керек”, – деп мәлімдеді облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрхайыр Құсайынов.