Шымкентте 10 жасар бала құлаған ағаш бұтағының астында қалып қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Баланың денесін аула тазалаушылар тапқан

 

 

Видеодан кадр

Бүгін, 11 ақпанда Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында құлаған ағаш бұтағының астында қалған 10 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі OTYRAR.KZ сілтеме жасай отырып.

Баланың денесін тапқан аула тазалаушылар дереу жедел жәрдем шақырды.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кешкі сағат 16:30 бен 17:00 аралығында болған.

Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласында қалың қардың салмағын көтере алмаған ағаштың үлкен бір бұтағы опырылып құлап, баланы басып қалған. Бала алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде жан тәсілім еткен.

Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда.

Айта кетейік, № 36 орта мектептің 4-сынып оқушысы болған қаза тапқан бала анасымен екеуі тұрған екен.