Алматыда жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы
Pixabay

Бүгін Астана уақытымен сағат 15:11-де алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің нақтыланған мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алғашқы минуттарда Android Earthquake Alerts System жүйесі жер сілкінісінің магнитудасын 5,1 деп бағалады. Қазіргі уақытта Сейсмологиялық ғылыми орталық дүмпудің нақты қуаты мен баллдық көрсеткішін анықтап жатыр.

Алматы қалалық ТЖД өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді. Мамандар ғимараттардың зақымдануы мен қирауын, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысын тексеруде. Қазіргі сәтте зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде дабыл сиреналарының естілмегенін және арнайы құлақтандыру жүйесінің іске қосылмағанын жаппай талқылауда. ТЖД бұл мәселеге қатысты әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалда қпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.