Тараз қаласында күндізгі уақытта белгісіз екі ер адам 13 жасар мектеп оқушысын автобус аялдамасынан күшпен алып кетпек болған. Оқиға 16 ақпанда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер көлікпен аялдамаға жақындап, жасөспірім қызды салонға сүйреп кіргізуге тырысқан. Абырой болғанда, аялдамада тұрған ер адам дер кезінде араша түсіп, қылмыстың алдын алды. Бұзақылар мақсаттарына жете алмай, оқиға орнынан жылдам ізін суытқан.
Қаймықпай көмекке келген азаматтың және бейнебақылау камераларының арқасында күдіктілер туралы ақпарат дереу полицияға жетті.
Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктілердің «ізін суытпай» ұсталғанын хабарлады. Адам ұрлауға оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Екі ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.