БҚО-да шенеунік мектеп оқушысын зорлаған – күдікті әлі бостандықта жүр

Qaz365.kz редакциясы

Қыздың әкесі тергеу тоқтап қала ма деп қауіптеніп отыр

Depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қылмыс бір айдан астам уақыт бұрын болғанымен, күдікті әлі күнге дейін ұсталған жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Уральская неделя басылымының мәліметінше, жасөспірімді жоғары лауазымды шенеунік зорлаған. Алайда оның аты-жөні жарияланбай отыр.

— Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттері кешені жүргізілгеннен кейін шешіледі, — деп мәлімдеді полиция департаменті.

Зардап шеккен қыздың әкесі «УН»-ға оқиғаның кейбір жай-жапсарын айтып берген. Оның сөзінше, 2 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған.

— Ол жасаған ісін мойындады, қызым да оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал содан кейін маған телефон арқылы қоқан-лоқы көрсете бастады. Біз қарапайым адамдармыз, адвокатты жақында ғана жалдадық. Ақша жинадық, – дейді қыздың әкесі.

Оның сөзінше, полиция бұл іске салғырт қарап отыр. Қыздың әкесі тергеу тоқтап қала ма деп қауіптеніп отыр.