Атырауда «жоғалған» отбасы: марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция ерлі-зайыптылардың мәйітін үй ауласынан тапқан еді

Атырау облысында өз үйінің сарайынан мәйіті табылған ерлі зайыптылардың қазасына қызының да қатысы болуы мүмкін. ІІМ күйеу баласымен қоса қызының да күдікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сол топтың жұмысының нәтижесінде екі күдікті де ұсталды. Екеуі де күдікті», — деді Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.

Еске сала кетсек, Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі 2025 жылдың күзінде із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ата-анасы – Мақсот Қарабалин (1959 ж.т.) және Насипа Өтешқалиева (1961 ж.т.), балалары – Мейрамгүл Қарабалина (1990 ж.т.) мен Наурыз Мұқанғалиев (1993 ж.т.).