25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ведомство мәліметінше, экипаж катапульт жасап үлгерген. Ұшқыштар аман. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрды. Комиссияны Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы басқарады.
Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.