Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті шараларды қолға алған.
«Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр», — деді Санжар Әділов.
Еске сала кетейік, 22 ақпан күні адвокат Ләззат Рақышева бұл ауыр қылмыстың 2025 жылғы 1 қыркүйекте болғанын хабарлаған еді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны 13 жастағы қыз бала болған. Ресми расталмаған мәліметтер бойынша, ұсталған күдіктінің ВИЧ-статусы оң (жұқтырған) болуы мүмкін.