Щучинскіде дәмханада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйге тіркелген бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД күштері 5 минут ішінде жетті.
Өрт сөндірушілер ғимараттан 8 газ баллонын алып шығып, 10-нан астам адамды құтқарды. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапты.
Өрт толық сөндірілді. Қазір қирандыларды тазалау жұмыстары жүргізілуде, оқиғаның себептері анықталуда. Жедел желі телефоны: 8 (7162) 514-298.