Ақмола облысында дәмханадағы газ жарылысынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындарына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Көмек көлемі:
Қаза тапқандардың отбасыларына 2 миллион теңгеден;
Зардап шеккендерге 1 миллион теңгеден төленеді.
Аудан әкімі жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру жұмыстарын әкімдік өз мойнына алғанын атап өтті. Сондай-ақ, қаралы жиынға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және сүйемелдеу бойынша тиісті көмек көрсетілмек.
Еске сала кетейік, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты үйге жапсарласа салынған «Центр плова» дәмханасында газ жарылып, арты өртке ұласқан болатын. Оқиға салдарынан жеті адам көз жұмды: олардың алтауы – мекеме қызметкерлері болса, біреуі – қызметкердің 16 жастағы қызы.
Жалпы 28 адам зардап шегіп, оның 13-і түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылды.