Ақтөбе қаласында жанармай бекетінде газ жарылып, алапат өрт болды

Qaz365.kz редакциясы

Өртті сөндіруге жалпы 16 бірлік техника мен төтенше жағдай қызметкерлерінен 60 адам келді

Фото: Бейнеден кадр

3 наурыз күні таңсәріде Ақтөбеде автогаз құю бекетінде ірі өрт болды. Оқиға Алматы ауданындағы Кирпичный көшесінде тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуелі жер үстіндегі газ сақтайтын резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толықтай жойылды. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді», — деп мәлімдеді  ТЖМ.

Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.