Щучинскідегі дәмханада болған жарылыс: Қаза тапқандар саны артты

Qaz365.kz редакциясы
видеодан кадр

Ақмола облысындағы «Центр плова» дәмханасында орын алған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың саны сегізге жетті. Дәрігерлердің айтуынша, 3 наурыз күні ауруханада тағы бір зардап шегуші жан тапсырған. Қазіргі уақытта қалған зардап шеккендер емдеу мекемелерінде дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасында төрт адам ем қабылдауда. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Ал төртінші науқастың халі өте мүшкіл: денесінің 85%-ын күйік шалған ол қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, арты өртке ұласқан болатын. Оқиға кезінде 26 адам зардап шегіп, жеті адам сол жерде қаза тапқан еді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.