Украинадан оралған журналистерді әуежайда полиция уақытша ұстады

Qaz365.kz редакциясы

Полиция Украинадағы Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықовадан сұхбат алған журналистерді әуежайда тоқтатты

Фото: Facebook / Рауль Упоров

«Просто журналистика» YouTube-ареасының түсірілім тобындағы Лукпан Ахмедияров, Рауль Упоров және оператор Еркебұлан Ғапуов Украинадан оралған соң Астанадағы әуежайда паспорт бақылау аймағында полиция себепсіз тоқтатып, артынша кешірім сұрап жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция олардың құжаттарын алған.

«Әлемдегі саяси жағдайларға байланысты бізден ҰҚК қызметкері жауап алады екен. Біз соны күтіп отырмыз. Құжаттарымызды алып алды», — деді Лукпан Ахмедияров. 

Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы 2024 жылғы шілдеде Киевте қаза тапқан қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықовамен кездесіп, тергеудің қалай жүріп жатқанын көрсететін жеке материал жасаған болуы мүмкін деп топшылайды.

«Бәсе» Telegram-арнасы мәлімдеген ақпаратқа қарасақ, фильмде оқиғаның қалай өрбігені, қай сұрақтарға әлі жауап жоқ екені егжей-тегжейіне дейін көрсетілген. 

Упоровтың айтуынша, полиция көп ұзамай кешірім сұрап оларды босатқан.