Оларды 9 наурызда Алматыдан рейспен әкелді
Бұған дейін Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасай отырып.
Сенімді дереккөздердің басылымға берген мәліметіне сәйкес, оларды 9 наурызда Алматыдан рейспен әкелген.
Естеріңізге сала кетейік, күдіктілер 2026 жылдың 24 ақпанында Индонезияның Ломбок аралында ұсталған болатын. Ұстау операциясын Интерполдың Индонезиядағы Ұлттық Орталық бюросының, Солтүстік Ломбок полициясының және иммиграциялық қызметтің бірлескен тобы жүргізді.
Индонезия құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Сарсемалиев пен Мұқанғалиеваға халықаралық іздеу жарияланып, Интерполдың «қызыл хабарлама» тізіміне енгізілді.
Тергеу күдіктілерді аса ауыр қылмысқа – Атырау облысының Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптыларды өлтіруге қатысы бар деп есептейді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушілерді пышақтап, содан кейін мәйіттерді көміп, мүлкі мен ақшасын қолды еткен.
Индонезия полициясы күдіктілердің 2025 жылдың 14 желтоқсанында Бали аралы арқылы Куала-Лумпурға ұшып келгенін анықтады. Содан кейін олар Ломбок аралына келіп, полиция ұстағанға дейін сол жерде тұрған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар адам өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған.