АҚШ-тың Аризона штатында қазақстандық екі бойжеткен — Арайлым Махмұдқызы мен Оразгүл Қанлыбай ауыр жол апатына ұшырады. Оқиға 11 наурыз күні болған. Қазіргі уақытта зардап шегушілер Нью-Мексико штатындағы Альбукерке қаласының госпиталінде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгілі болғандай, қыздар Аризона штатында әуежайға бара жатқан жолда үлкен трассада апатқа түскен. Апат туралы ақпарат Оразгүлдің телефонындағы автоматты «Crash Detected SOS» жүйесі арқылы жеткен. iPhone спутник арқылы жедел жәрдем қызметіне және қыздың сіңілісіне хабарлама жолдаған. Құтқарушылар тобы зардап шеккендерді тікұшақпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.
Арайлым Махмұдқызы мен Оразгүл Қанлыбай — психолог Балқия Балтабай негізін салған «Көркем» орталығының атқарушы директоры мен топ-менеджері болып қызмет еткен, қоғамда белсенді, білімге құштар жастар. Олар Америкаға тіл үйреніп, білімін жетілдіру мақсатында кеткен. Арайлым мен Оразгүл Қазақстандағы үш ірі мешіттердің құрылысына және рухани бестселлерге айналған кітаптардың жарық көруіне үлкен үлес қосқан.
Қазіргі таңда Арайлым әлі есін жимаған, жағдайы өте ауыр. Ал Оразгүлге 4 ота сәтті жасалған, алда тағы 2 ота жоспарлануда.
Америкадағы медициналық қызметтің тым қымбаттығына байланысты зардап шегушілердің туыстары мен жақындары көмек сұрап, ресми түрде қаражат жинауды бастады. Зардап шеккен Арайлымның туған әпкесі Әйгерімнің реквизиттері арқылы қаржылай көмек көрсетуге болады:
KASPI BANK
4400 4303 9654 4451
AIGERIM MAKHSUTOVA
87076027070 Әйгерім М.
HALYK BANK
4003 0351 9705 1647
AIGERIM MAKHSUTOVA
87076027070 Әйгерім М.
BANK CENTER CREDIT
4899 9333 7286 2068
AIGERIM MAKHSUTOVA
87076027070 Әйгерім М.