Павлодарда жүктілігін ата-анасынан жасырып, нәрестені тұншықтырып өлтірген студент қыз сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Оның жүкті екенін ешкім білмеген

pixabay.com

Павлодарда жүктілігін ата-анасынан жасырып, нәрестені тұншықтырып өлтірген студент қыз сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Былтыр қазанда студент қыз жатақхананың жуынатын бөлмесінде өзі босанып, психологиялық күйзеліс жағдайында сәбидің жылаған даусы естіліп қалады деп қорқып, оны сүлгіге орап тұншықтырған. Соның салдарынан жаңа туған нәресте көз жұмған.

Сотта қыз кінәсін толық мойындап, жігіті баладан бас тартқанын, ал өзі жалғыз тәрбиелеуге дайын болмағанын және туыстарының айыптауынан қорыққанын айтты. Оның жүкті екенін ешкім білмеген.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту міндеттелді.