Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады

Qaz365.kz редакциясы
Мой Город

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының (БҰҰА) бөлшектері табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаменті бұл деректі ресми түрде растап, аппараттың елді мекендерден алыс жерге құлағанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға бойынша арнайы тексеру жұмыстары басталды.

Бұл соңғы айларда өңірде тіркелген осыған ұқсас бесінші жағдай. Бұған дейін дрондардың сынықтары Бөкей ордасы, Тасқала және Жәнібек аудандарында табылған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл жағдайлардың жиілеуіне қатысты бұған дейін түсініктеме берген еді.

«Табылған нысандардың басым бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі сынақ полигондарының қызметімен байланысты. Бұл полигондардың шекарасы облыс аумағынан өтетіндіктен, сынақ кезінде аппараттардың құлауы немесе бөлшектерінің шашылуы мүмкін», – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің өкілдері.