«Жүргізуші ішімдік ішкен»: Алматыдағы 3 адамды жалмаған жол апатынан соң полицейлер істі болды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: ІІМ

21 наурыз күні Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Zeekr автокөлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бағыттағы Mercedes көлігіне соғылып, 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиғадан кейін үш шенді полицей жұмыстан қуылып, заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынды. Тексеру барысында жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. 

Осы оқиғаға қатысты екі бірдей іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал департамент басшыларының бірінің жүргізушісі қамауға алынды.

«Мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Министрдің бұйрығымен жұмыстан Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары (сыртқы қызмет пен жол қауіпсіздігін қадағалайтын), Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов бұған дейін кінәлілердің жазаланатынын мәлімдеген еді. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қоғамда резонанс тудырған іс жайлы депутат Марат Қожаев та пікір білдірді. Ол полицияның ештеңеге көз жұмбайтынын айтып, осы жағдайға байланысты жол ережесін бұзатындарға жазаны қатаңдатуды ұсынды.