Түркістан облысының тұрғыны 45 рет жол ережесін бұзған

Qaz365.kz редакциясы

Үш тәулікте 78 борышкер берешектерін өтеген

Polisia.kz

Түркістан облысында 45 рет ереже бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауда. Полицейлер күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, борышкерлерді анықтау мен оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, үш тәулікте полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 78 борышкер берешектерін өтеген. Яғни көлік иесінің бұл қарызы 45 рет жол ережесін бұзуға қатысты тіркелген. Көлік айып тұраққа қойылды. Аталған жайт толығымен полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түскен. Алдағы уақытта тәртіп сақшылары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заң талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.