Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы
instagram.com/adiletkhan

Алматыда танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта Молдаханға қатысты Қылмыстық кодекстің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, заңгер 30 наурыз күні ұсталған болатын. Ол Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орын алған, үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апатына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Блогер өз жазбаларында аталған жол-көлік оқиғасына Алматы қалалық Полиция департаменті басшысы орынбасарларының бірінің қатысы бар деген болжам айтқан еді.

Сот шешімімен блогерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 10 тәулікке қамау туралы қаулы шықты.