Шымкентте ер адамның үстінен екі бірдей ұл баланы зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Жәбірленушілердің отбасы құқық қорғау органдарына жүгінген

Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған екі балаға жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушілердің туыстарының бірі күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында осы оқиға жайлы жазды. Оның айтуынша, Human Rights Lawyers қорына бір әйел жүгініп, перзентханада болған кезде 9 жастағы ұлына туысының зорлық көрсеткенін айтқан.

«Дәл сол күндері туыстарының бірі баланы қатарынан үш күн бойы зорлаған. Кеше ғана сол адам екінші әпкесінің ұлын да шамамен бес күн бойы зорлағаны белгілі болды», – деп жазды Рақышева.

Тергеу мәліметіне зер салсақ, бұл оқиғалар 2021 жылы болған.  Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, ол перзентханада жатқан кезде 9 жастағы ұлын туыстарының біріне қалдырған. Сол аралықта, оның сөзінше, ер адам үш күн бойы баланы зорлық көрсеткен. Кейін сол күдікті шамамен бес күн бойы тағы бір балаға, нақтырақ айтсақ, әпкесінің ұлына да зорлық көрсеткен.

Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық істің тіркелгенін растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден жауап алынды, қажетті материалдар алынып, зерттелуде, өзге де тергеу амалдары атқарылып жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында барлық қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция басқармасы.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысында куәгерлерден жауап алынған, айғақ заттар тәркіленген, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.