Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде үш жасар баланың басына ғимараттан кірпіш құлап, ауыр жарақаттады. Оқиға жергілікті Мәдениет үйінің жанында болған: ғимарат шатырынан қаптама кірпіш құлап, бүлдіршінге тиген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен баланың ата-анасы дереу құзырлы органдарға хабарласып, ғимараттың техникалық күйіне жауапты тұлғаларды анықтауды талап етті. Қазіргі уақытта бала ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалып жатыр. Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын жіті бақылауға алды.
Облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.