Петропавлда аялдамаға соғылған көлік бес адамды қағып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Көлік соғардан санаулы секунд бұрын аялдаманың ашық күркесінде он шақты адам тұрған

Петропавлда жеңіл көлік қаланың қақ ортасындағы аялдамаға соғылып, бес адамды қағып кетті. Жарақат алған бір тұрғынның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік соғардан санаулы секунд бұрын аялдаманың ашық күркесінде он шақты адам тұрған. Орталық базардың қасында болғандықтан, бұл жерде адам қарасы үзілген емес. Жолдан қиғаш кеткен Хонда көлігі тура аялдамаға қарай зулайды. Автобус күткен адамдарды қағып, дүкенге соғылып бір-ақ тоқтаған. Куәгерлердің сөзінше, көлік тізгінінде әйел болған. Оның неліктен рульге ие бола алмай қалғанын әзір ешкім білмейді. Жарақат алған үш тұрғын ауруханада жатыр. Жансақтау бөліміне жатқызылған біреуінің денсаулығына дәрігерлер алаңдап отыр.

“Тарс еткен дыбысты естідім. Бірден сол жерге адамдар жиналды. Үш адамды жедел жәрдем алып кетті. Тәртіп сақшылары бәрі тірі деп айтты. Көлікте әйел адам болды”, – деді оқиға куәгері.