Жамбылдық шекарашылар елге бір келіге жуық героин алып кірмек болған әйелді ұстады

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті әйел тәркіленген затымен бірге өңірлік Полиция департаментіне тапсырылды

Ашық дереккөздерден

Жамбыл облысының Шекара қызметінің қызметкерлері Қырғызстаннан елімізге бір келіге жуық героинді алып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«31мамырда шекарашылар Жамбыл облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған қазақстандық азаматшаны ұстады. Жеке тексеру барысында оның бойынан жалпы салмағы 700 граммға жуық «героин» есірткі заты табылды», - делінген хабарламада.

Күдікті әйел тәркіленген затымен бірге процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы полиция департаментіне тапсырылды.