Балалардың үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды
Павлодар облысында полиция қызметкері электр тоғы бар субұрқақта болған балаларды құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Policia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Ақсу қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қажымұрат Фаизов балалардың айқайын естіп, субұрқақтың жанына барған.
- Жүгіріп келе жатып, субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыздың тұрғанын көріп, уақытты жоғалтпай, субұрқаққа секірдім. Екі қызды шығарып алдым. Кейін “жедел жәрдем” шақырып, балаларды мамандарға тапсырып, қызметке кірістім, - деді Қажымұрат Фаизов.
3, 6 және 8 жастағы балалардың үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерге тапсырылды.
ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.