Абай облысында жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

instagram.com/abai_department_police

Абай облысында 13 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысы Полиция департаменті мәліметінше, 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қаза болған.

"Тексеру барысында оның себебі - жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжал, арты төбелеске ұласқан.

Дерке бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

ПД мәліметінше, жанжалдың қатысушылары анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жариялауға жатпайды.