Абай облысындағы өрт ауқымы жағынан жер бетіндегі ең ірісі болып тұр

Qaz365.kz редакциясы

Канададағы бірнеше ірі өрттен басып озды

Абай облысындағы орман өрті дәл қазір жер шарындағы ең ірі өрт болып тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Greenpeace халықаралық экологиялық үкіметтік емес ұйымының өрттер картасына сәйкес, 10 маусым түнгі сағат 12.00-дегі (Астана уақыты бойынша 00.15) Қазақстанның шығысындағы өрт Канададағы бірнеше ірі өрттен басып озды. 

Айта кетейік, Төтенше жағдай министрлігінің 9 маусым түстен кейінгі мәліметі бойынша, Абай облысындағы өрт 30 мың гектарды шарпыған. Бірақ кешке бұл көрсеткіш 60 мың гектардан асып кеткені хабарланды.

Өрттен соң  14 орманшымен байланыс үзілген. Кейіннен үшеуі қайтыс болғаны, 11 орманшы іздестіріліп жатқанын хабарлады.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Абай облысына барып, өрт сөндіру бойынша жұмыстарды басқаруды тапсырды. 
Төтенше жағдай министрлігі қазір өрт сөндіруге 662 адам, 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылғанын мәлім етті.