Желдің күшеюіне байланысты Абай облысында жағдай ушығып тұр

Qaz365.kz редакциясы

Таврия әзірге қауіпті аймақта қалды

МЧС РК

Желдің күшеюіне байланысты Абай облысында жағдай ушығып тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Жалын Қаштак орман шаруашылығына, Таврия елді мекеніне қарай бара жатыр. Онда техниканың 65 проценті жинақталған”, – деді жедел штабтың басшысы Дмитрий Гариков.

Успен орман шаруашылығында арасында шағын жалын ошақтары пайда болып жатыр.

Жерновка ауылында күрделі жағдай сақталған. Рельефке байланысты ол жаққа техника  өте алмайды.

"Қазір адамдар үйінде. Оларға хабар берілді. Таврия әзірге қауіпті аймақта қалды жел сол бағытта соғаып тұр», – деді Дмитрий Гариков