Абай облысындағы орман өрті: Тағы бір адам жоғалып кетті

Qaz365.kz редакциясы

Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады

nstagram.com/oo_osa_semey_vko

Абай облысындағы орман өтін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, онда «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», –  делінген Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Департамент мәліметінше, өрт сөндіруге тракторымен шығып кеткен тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Абай облысындағы өрт салдарынан 14 адам жоғалып кетіп, артынша олардың денесі табылған болатын. 12 маусым Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.