Абай облысында мәйіті табылған тракторшының өлімінің себебі аталды

Qaz365.kz редакциясы

Оның денесі 13 маусымда табылған болатын

ашық дереккөзден

10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итімен табылды.

Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды.