Астанадағы Kaspi банкі ғимаратында қарулы ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отыр

Qaz365.kz редакциясы

Ер адам қарулы

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Астанадағы Kaspi банкі ғимаратында қарулы ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отырғандығы туралы видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 
 
Құзырлы органдардың хабарлауынша, полицияға Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуде.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзыры органдардың өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік берудi сұрайды.

Оқиғаның әрі қарай өрбуі сайттың басты назарында болады.