Kaspi банк оқиғаға байланысты түсінік берді

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ

Ашық дереккөздерден

Банктің хабарлауынша, қазір банк бөлімшесінде қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

ВИДЕО: t.me/qaz365kz

“Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады. Қазіргі уақытта бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін”, – деп жазылған банктің таратқан мәліметінде.