Басқыншы ұсталып, қамауға алынды - ІІМ

Qaz365.kz редакциясы

Кепілдегілер аман-есен құтқарылды

Видеодан кадр

Кепілге алынған адамдар түгел босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ ақпаратына сүйене отырып. 

Астанадағы Каспи банк филиалында өызметкерлерді кепілге алған басқыншымен жүргізілген келіссөздер нәтиже бермеген соң, күштік құрылымдар нақты әрекетке көшті

Полиция банкке күшпен басып кіріп, адамдарды босатуды бастады. Кепілге алынғандардың барлығы аман-есен басқыншының құрығынан босатылды.

“Kaspi bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді . Барлық кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды.
Басқыншыдан еш қауіп жоқ. Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ. Басқыншымен келіссөзді Ішкі істер  министрі М.Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды”
, – делінген министрліктің таратқан ақпаратында.
 

Сондай-ақ  операция сәтті аяқталған соң ІІМ басшысы алғашқы болып сұхбат берді.

“Полиция көзден жас ағызатын газды қолданды. Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, қылмыскерді айдауылдар тергеу изоляторына апарып қамады”, – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Kaspi банкі ғимаратында қарулы ер адам тұрғындарды кепілде ұстап отырғандығы туралы жазғанбыз.  

Кейін оқиға орнына қосымша арнайы жасақ әкелініп,  Каспи банк түсініктеме берген болатын.