Өрттен елді мекендерге қауіп жоқ
Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 га болды, оның ішінде сөндірілгені – 6 050 гектар. ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштері қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштері жырту жұмыстарына кірісті», - делінген ТЖМ ресми хабарламасында.
Өрттен елді мекендерге қауіп жоқ.
Министрліктің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқан.