Астанада мешіт қызметкері 3,5 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Елордалық мешіт жүргізушісі қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

sputnik.kz

Астанада мешіт қызметкері 3,5 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің ресми парақшасына сәлтеме жасап.

Мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады. Тергеу барысында мешіт қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен. Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілті жатқанын көріп, оны ашып, ақшаны ұрлаған.

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам ұрланған ақшаны өтеді.

Астана қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне сақ болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.