Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады
Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады», – деп жазылған облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі «Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.