Бұл туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды
Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы кеше, 7 шілдеде сағат 23:00-де ақпарат түскен.
«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жайт туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған комиссия балық қырылды деген орынды тексеру үшін жолға шықты», - делінген хабарламада.