Тамаққа таяқ тыққан: әкімнің орынбасары үш ағасымен бірге малшыны соққыға жыққан

Qaz365.kz редакциясы

Шопан мал иелерінен жалақысын төлеуді сұраған

видеодан кадр

Жамбыл облысы Қордай ауданында әкімнің орынбасары үш ағасымен малшыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта шопан мал иелерінен жалақысын төлеуді сұраған. Алайда әкімнің орынбасары мен ағайындары шопанды аяусыз ұрып тастаған. Олар шопанға бір жылдық еңбегі үшін 1 миллион теңге және бір жылқы төлеу керек болған.

Видео авторы қарыз ақшасын сұраған кезде малшының әкім орынбасарларының бауырлары жабылып ұрып тастағанын айтқан. Малшының айтуынша, тамағына таяқ тыққан.

Sputnik Қазақстан Жамбыл облысының әкімдігі растағанын жазды.

«9 шілдеде Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны Қ. Ақыпов дене жарақатымен полицияға шағымданған. Ол өзін әкім орынбасары Қ.Бақаевтың ұрғанын айтқан. Ақыпов Бақаевтың ағайындарының малшысы болып жұмыс істеген», – дейді облыстық әкімдік.

Облыстық полицияның мәліметінше тергеу жүріп жатыр.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жасалып жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.