Атырауда пойыз жолаушылар мінген автобусқа соқтығысты

Qaz365.kz редакциясы

Жолаушылардың жағдайы қалыпты

Атырау облысының полиция департаменті

Атырауда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған.

“Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағыттағы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Автобус жүргізушісі белгіленбеген орыннан жолды кесіп өтпек болған. Автобустағы жолаушылардың жағдайы қалыпты”, – делінген  Атырау облыстық gолиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.