Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Тағы 13 адам ауруханаға жеткізілді

видеодан кадр

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы барды.

Қазір көлік апаты бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі полицейлері жұмыс жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Осыған дейін Атырауда жол апатынан 7 адам мерт болғанын жазған болатынбыз.