Жасөспірім ауруханаға жатқызылды
Талдықорғанда той кортежі 13 жасар скутер жүргізушісін қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық тергеу басталды.
«Сараптама тағайындалды. Автокөлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылған. Тергеу кезінде жапондық шетелдік көліктің жүргізушісіне қатысты «келу туралы міндеттеме» процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.