Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысына тосқауыл қойылды

Qaz365.kz редакциясы

Полицияға 32 адам жеткізілген

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақ маңында өзара қарым-қатынасты айқындамақ болған бір топ жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і – кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді.

Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды.

ҚР ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.