Қарағанды облысындағы балалардың жаппай улануы: Оқиға орнына Ажар Ғиният аттанды

Qaz365.kz редакциясы

Министрдің бұрын Қосшы қаласына жоспарланған жұмыс сапары 2023 жылғы 2 тамызға ауыстырылады

primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық-әлеуметтік мекемеде балалардың улануына байланысты Қарағандыға кетіп барады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандарының тобы жіберілді.

Соған байланысты, министрдің бұрын Қосшы қаласына жоспарланған жұмыс сапары 2023 жылғы 2 тамызға ауыстырылады.

Осыған дейін Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай уланып, 1 бала қайтыс болғаны жарияланды. Тағы 6 бала жансақтау бөілімінде жатыр.