Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім 3 адамды қағып кетіп, 3 жасар бала мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды

polisia.kz

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында болған. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

«ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.