Бурабайда өртеніп жатқан қонақүйден 106 адам эвакуацияланды

Qaz365.kz редакциясы

Оның ішінде 25 бала бар

Ашық дереккөздерден

Бурабайда өртеніп жатқан қонақүйден 106 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өртеніп жатқан ғимараттан шығарылғандардың 25-і – балалар. 

“Өрт үш қабатты «Алматы» қонақүйінде болған. Құтқарушылар адамдарды алып шығу үшін саты пайдаланды. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген жергілікті Төтенше жаңдайлар жөніндегі басқарманың хабарламасында.