Қылмыстық іс қозғалды
Астанадағы мектепте оқушыға футбол қақпасы құлап, бала мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасап.
«№10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады»,-делінген хабарламада.