Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді
Астанадағы бала өлімінен кейін барлық мектептердегі спорт алаңдары тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министрдің айтуынша, тексеріс еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі.
Еске салсақ, күні кеше Астанадағы мектеп аулаларының бірінде 10 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап, оқушы қайтыс болды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
– Аталған фактІ бойынша Байқоңыр аудандық ПД ҚР ҚК-306 бабы бойынша тергеу бастады. ҚР ҚПК бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, – деді ПД ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.