Қазір жағдайы жақсы
Мәжіліс депутатын жазғы каникулда жүргенде ауылдық жерде жылан шағып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Біздің дереккөздің мәліметінше, ол алдымен ауылдық ауруханаға, сосын аудандық ауруханаға жатқызылған. Кейін қалаға жеткізілген.
Қазір депутаттың жағдайы жақсы. Осы ретте депутат көмек қолын созған дәрігерлерге алғысын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың 29 маусымында Кеген ауданында 9 жастағы баланы жылан шағып өлтірген болатын. Науқас бала бірден ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлерде уытты қайтаратын дәрі болмаған.