Павлодар облысында жеке үй өртеніп, екі жасар сәби мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Тағы бір сәбиді күйік шалған

Павлодар облыстық ТЖД

 Павлодар облысында жер үйде болған өрттен екі жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жер үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрттен 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке қарай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде", – деп атап өтті департаменттегілер.

Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді. Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды.

Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.