Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталған журналист Сандуғаш Дүйсенова қамаудан қолхатпен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Талдықорғанда 11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. Бұл бап жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы тарату үшін жауапкершілік қарастырады. Дүйсенова қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, процессуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылды. Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүған дейін Жетісу мен Алматы облыстарында өткір мәселелерді көтеріп жүрген танымал журналист-блогер Сандуғаш Дүйсенованың қамауға алынғаны туралы жазған едік.